Жарияланды: 01.12.2022

«Бала құқығы – адам құқығы» акциясы аясында шара ұйымдастырылды

 

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданындағы М.Өтемісұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде «Бала құқығы – адам құқығы» – Республикалық онкүндікті ұйымдастыру аясында түзілген іс-жоспарына сай «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында мектеп оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуге ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Перизат Иманова, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы М.Абдуллаева, «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі» бөлімшесінің әлеуметтік қызметкері Ж.Сманова, аудандық аурухананың акушер-гинекологы Ширинбекова Лаззат, мектеп əкімшілігі жəне сынып жетекшілер қатысты. Бала құқығы әрине басты орында. Мндай іс-шараны өткізудің мақсаты — бала құқықтары туралы түсініктерін қалыптастыру, балалардың басқа адамдар құрметтейтін және жақсы көретін тұлға болуға ұмтылуын қалыптастыру, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу екенін түсіндіру.

Сондай-ақ, оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету.  Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бамауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау болып табылады. Бала жасынан мейрімділік, үлкенге құрмет, кішіге ізет сынды қасиеттердің бойына сіңірген бала өсе келе осы қасиеттерінен айырылмайды. Сондықтан да отбасында ата-ана, мектепте мұғалімдер, қоғамда жақсы адамдар болып балалардың бойына жақсы қасиеттердің сіңіре берудің артықтығы жоқ. Жиын соңында оқушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

785 қаралым