Жарияланды: 01.12.2022

Автокөлік қызметінің даярлығын тексерді

 

ҚР ІІМ мен Түркістан облысы ПД бастығының тапсырмасына сәйкес Жетісай аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Әділбек Сапарбеков жеке құрамның дайындығы мен автокөлік қызметінің даярлығын тексерді. Аталмыш саптық байқауға полицияның жеке құрамы қатысып автотранспорт бірлігі де тартылды.

Сондай-ақ саптық тексеруде полиция қызметкерлерінің жаңа формасы мен сыртқы келбетіне басты назар аударылды. Сонымен бірге қызметтік куәліктерінің жарамдылық мерзімі, лауазымы мен арнайы атағының сай келуі және бейнежетондары мен планшеттердің жұмыс істеп тұруы тексерілді.

Бұдан бөлек, саптық тексеруден кейін Жетісай АПБ жеке құрам қызметкерлері әдеттегідей әр аптаның жұма, сенбі күндері жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау және де жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Жетісай ауданындағы жол апаты орын алуы ықтимал жолдарға, көлік қозғалысы көп жүретін көшелерге рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жүргізу үшін бөлініп, тиісті бағыттардағы жұмыстарын атқарды.

 

 

 

 

393 қаралым