Жарияланды: 01.12.2022

Этносаралық қақтығыстардың алдын алу мәселелері қаралды

 

 

Түркістан облысына қарасты Кентау қаласы әкімдігінде қалалық прокуратураның ұйымдастыруымен мекемеаралық жиналыс өткізілді. Мәжіліске қала әкімдігі мен құрылымдық бөлімдері, жергілікті мәслихат, Ұлттық қауіпсіздік қызметі, құқық қорғау және қоғамдық келісім филлиалының басшылары мен коммуналдық кәсіпорын өкілдері қатысты.

Өткізілген жиынның күн тәртібінде: қала аумағындағы қылмыстардың өсуі, оның ішінде алаяқтық және кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар, құқықбұзушылық профилактикасы мен этносаралық қақтығыстардың алдын алу мәселелері қаралды. Ағымдағы жылдың 20-шы қараша күні ҚР Президенті сайлауының өткізілуіне орай аумақтағы қоғамдық-саяси ахуал мен өзекті мәселелерді шешуге бағытталған мәселелер талқыланды.

Жиын соңында аумақтағы күн тәртібінде қаралған өзекті мәселелерді шешуге бағытталған іс-шара жоспары құзырлы органдарға жолданып, оның орындалуы қала прокуратурасының бақылауына алынды.

 

346 қаралым