Түркістан облысына қарасты Келес ауданының полицейлері зорлық-зомбылықтың алдын-алу, қылмыстың, құқықбұзушылықтың, ертежүктіліктің, өзіне-өзі қол жұмсау фактілерінің алдын алу және болдырмау мақсатында аудан аумағындағы білім ошақтарына барып, мектеп оқушылары, ата аналары және ұжым қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырып, түсіндіру дәрістерін өткізуде.
Атап айтқанда Келес ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №32 Ш.Уалиханов, №27 Н.Тілендиев, №25 С.Сейфуллин, №30 Мыңтөбе атындағы жалпы орта білім беретін мектептеріне Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция майоры Э.Есенкулова және Ювеналдық полиция тобының инспекторлары полиция майоры М.Сарсенов, полиция майоры Қ. Сариев, полиция капитаны М.Алдабергеновтар арнайы барып, кездесулер өткізді.
Кездесу барысында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңын түсіндіру шаралары атқарылып, бала тәрбиесіне байланысты ата-аналардың көкейтесті сұрақтарына полиция қызметкерлері тарапынан тиісті жауаптары берілді.