Жарияланды: 01.12.2022

Заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ əлеуметтік топтарды анықтамақ

 

Түркістан облысына қарасты Келес аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен өткен шара аудандағы халқы тығыз орналасқан Ақтөбе және Бірлесу ауылдық округтерінде өтті.

Келес ауданы прокурорының орынбасары Шырынбай Надирбаев және Келес ауданы әкімі аппаратының басшысы Ербол Сапаров бастаған топ қос округтің тұрғындары тарапынан көтерілген сауалдарға жауап беріп, акцияның мақсатын түсіндірді.

Акцияның мақсаты — жергілікті жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мəдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ əлеуметтік топтарды анықтау, прокуратураның құқық қорғау рөлін іске асыру, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тəртіпті нығайту үшін азаматтық қоғам мен құқық қорғау органдарының күш-жігерін біріктіру болып табылады.

Айта кетейік, тұрғындар құзырлы орган өкілдерімен белгілі себептермен кездесе алмаған жағдайда, арыз шағымдарын аудан прокуратурасының +7 (725 32)3-15-14 сенім телефонына хабарласып, жеткізуіне болады.

 

226 қаралым