Жарияланды: 01.12.2022

Құны 350 мың теңге болатын  автокөлікті ұрлаған

 

 

Түркістан облысына қарасты Түлкібас аудандық полиция бөліміне аудан тұрғыны құны 350 мың теңге болатын «ВАЗ» маркалы автокөлігінің ұрланғаны бойынша арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, танысы таңғы сағат 5:30 шамасында оның көлігін заңсыз айдап кетіп, белгісіз бағытқа жасырынған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түлкібас ауданының учаскелік полиция инспекторлары автокөлікті ұрлады деген күдікпен бұрын сотталған, жергілікті тұрғынды анықтады.

Белгілі болғандай, күдікті сол сәтте мас болған. Содан жеке тасымалдаумен айналысатын танысының көлігін күшпен тартып алып, қашып кеткен.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 200-бабы «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

 

485 қаралым