Арыс қаласында тұратын түрлі этнос өкілдері ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беріп, өз таңдауын жасауда.
Атап айтсақ, «Татар-Башқұрт этно-мәдени» орталығының төрағасы Расиль Байков №10 сайлау учаскесінде өмірінде ерекше маңызға ие сайлауға үн қосып, еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығы үшін дауыс берді.
Сондай-ақ, «Иран-Әзірбайжан этно-мәдени» орталығының төрағасы Ранджбари Хусен сайлау учаскесінде болып, өз ұстанымын білдірді.
Осылайша, Арыс қаласында тұратын түрлі этностар бірлік пен татулықты танытуда.
— Сайлау — ел өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Бұл сайлауда халықтың артқан үміті биік, соған сәйкес белсенділігі өте жоғары. Жастар да ерекше атсалысуда, — дейді Расиль Байков.
Айта кетейік, Арыс қаласы бойынша 18 сайлау учаскесі болса, онда 32 652 сайлаушы бар. Тиісінше, қалаға қарасты ауылдық округтерде жалпы 16 сайлау учаскесі 11 697 сайлаушы дауыс беру құқығына ие. Осылайша, Арыс қаласы бойынша дауыс беру құқығына ие азаматтар саны 44 349 құрап отыр.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі