Жарияланды: 20.11.2022

САЯСИ НАУҚАНҒА ҮШЕМІ БАР ОТБАСЫ ҚАТЫСУДА

Түркістан облысының Келес ауданында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы басталды. Таңғы 7-де бүкіл округ бойынша 8 сайлау учаскесі Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылып, өз жұмысына кірісті. Таң азанымен Сайлау учаскелерінде дауыс беруге келген тұрғындардың қарасы көп. Ел басшысын анықтайтын шараға жергілікті тұрғындар белсенді түрде қатысып жатыр. Бұл күні сайлауға бірінші болып келіп, дауыс берген ауыл азаматтары, сондай-ақ алғаш рет сайлауға қатысқан азаматтарға сайлау комиссиясы тарапынан сый-сияпат көрсетілді.

Сонымен қатар 345 сайлау учаскесінде Қарабура елді мекенінің үшемі бар отбасысы бүкіл отбасымен келіп, өз таңдауларын жасады.

280 қаралым