Алты Алаштың басы қосылғанда төр ұстазға беріледі. Себебі, ұстаз – елдің болашағын тәрбиелеуші, білім нәрімен сусындатушы. Келешектің қандай болатынын да осы ұстаз қауымының еңбегімен өлшеуге болады. Еңбек демекші, ауданымызда ұстаздықты ұлық тұтып, ұлағатты мамандықты еншілеген әулеттер аз емес. Соның бірі – Майтөбе ауылындағы Есенгельдиевтер әулеті бүгінгі саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады.
Ұлағатты ұстаз — Нағима Мақулбекқызының екі ұлы және келіні Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектепте мұғалі болып жұмыс істейді.
Карашулаков Ермек-тарих пәнінің мұғалімі. Есенгельдиев Султанбек-информатика пәнінің мұғалімі. Есенгелдиева Ақжунис-ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі