Жарияланды: 20.11.2022

ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛГЕН ТҰРҒЫН ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ


Кентау қаласы Ата-түрік атындағы 4 мектептегі 46-шы сайлау учаскесінде Фёдорова Галина Александрқызы қызымен бірге ұлттық киіммен келіп өз таңдауын жасады. Өз қолымен дайындаған бауырсақ, бәліштерін көпшілікке үйлестірді.
“Еліміздің жарқын болашағы үшін сайлауда өз таңдауымды жасадым. Бұл күн мереке болғандықтан сәнді киім киіп келдім. Елімізде тыныштық болсын деп тілеймін” дейді кентаулық ару.
Кентау қаласының тұрғындары ҚР Президентінің сайлауына белсенділікпен атсалысуда. Елдің ертеңіне үлкен сеніммен қарайтын тұрғындар бұл күнді үлкен мерекеге теңейді. Барлық сайлау учаскелерінде сайлаушыларға барлық жағдайлар қамтылған.

376 қаралым