Еркін күрестен спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Келес ауданының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Мақсат Бектаев №324 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
«Қоғамда жастардың саясатқа қатысу белсенділігі төмен деген пікір қалыптасты. Шынында да, жастардың арасында сайлауға бармайтындар болуы мүмкін. Олар өздерінің әрекетсіздігін ақтауға тырысып, «бізге ештеңе тәуелді емес, бізге қарап тұрған ештеңе жоқ» дейді. Алайда, бұл қате пікір. Көп нәрсе жастарға байланысты және оны жақсы түсіну керек. Сондықтан жас сайлаушылардың сайлауға қатысу жоғары деп болжауға болады»-дейді.
Жарияланды: 20.11.2022