Жарияланды: 20.11.2022

Жаңадан шаңырақ көтерген жас жұбайлар сайлауда өз таңдауларын жасады

Үйлену тойының дайындығына қарамастан жас жұбайлар Нұрсұлтан Батиев пен Сұңқар Әділқызы өздері тіркелген 894 ші учаскеге келуге шешім қабылдаған. Енді, жас отбасы үшін 20 қараша тек неке күні ғана емес, сонымен қатар алғашқы отбасылық сайлау ретінде де есте қалмақ.

Жаңадан отбасын құрған ерлі-зайыптылар ел үшін осы маңызды күні ел Президентін таңдауға дауыс беру– әркімнің азаматтық борышы дейді.

Жас жұбайлар дауыс берген осы сайлау учаскесінде 1883 адам тіркелген. Жалпы, қалада 35 сайлау учаскесі бар.

484 қаралым