Жарияланды: 20.11.2022

КЕЛЕС АУДАНЫНДАҒЫ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ 100 ПАЙЫЗ САЙЛАУҒА ҚАТЫСТЫ

Келес ауданының бас дәрігері Бекзат Маханбетұлы Сланов аудан орталығындағы №324 сайлау учаскесіне отбасы мүшелерімен бірге келіп, өз таңдауын білдірді.

— Конституцияға сәйкес еліміздің әр азаматының өз таңдау құқығы бар. Мен сайлауда таңдау жасау парызым деп білемін. Өйткені, болашаққа жол бастар ел басшысын сайлау, ертеңін ойлаған әрбір қазақстандықтың міндеті. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, бейбітшілігіміз мәңгілік болғай!, — деді бас дәрігер.

Айта кетейік, жалпы Келес ауданында орналасқан сайлау учаскелерінде толық медициналық бекет жұмыс жасап, шұғыл жағдайда медициналық көмек қажет болған жағдайда медицина маманымен бірге сайлау науқаны аяқталғанға дейін учаскеде болады. Аудан бойынша сайлауға қатысатын медицина қызметкері 1 394-ті құрап, жалпы 100% қатысып, өз дауыстарын елдің болашағын үшін берді.

(с) Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

449 қаралым