Өз азаматтық ұстанымы қалыптасқан елде сапалы сын, нәтижелі жұмыс жүзеге асады.
Біз сайлау мәдениетін алып келе жатырмыз. Ең әуелгісі ауыл әкімдерінің сайлауы. Келесі жылы пилоттық режимде Түркістан, Кентау, Арыс қалаларында әкім сайлауын өткізу жоспары, сонымен қатар барлық деңгейдегі мәслихат пен мәжіліс депутаттарының сайлауы болады.
Жалпы халықтық референдум нәтижесіне сай алдағы жиырма жылдықта үш түрлі Президентті көретін боламыз.
Қазіргі геосаяси жағдайда еліміздегі тұрақтылық өте маңызды. Халық үніне құлақ асатын Үкімет, күшті Президент, ықпалды Парламент идеологиясына бірге қол жеткізейік.