Жарияланды: 21.11.2022

САЙЛАУ ӘДІЛ ӨТТІ

Мен Жетісай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Маханбет 20 қараша күні Қазақстан Республикасының белсенді азаматы ретінде ҚР Президентін сайлауға өз дауысымды беру үшін сайлау учаскесіне таңертең ертерек баруға әрекет жасадым. Мен ерте бардым десем менен де бұрын барған патриоттарымызды көріп, қуанып қалдым. Бұл дегеніміз елдің, халықтың Отаны үшін тек тұра алмайтынының белгісі. Осы жерде өзім секілді ақсақалдарды көріп, шамалы әңгіме құрдық. Сол бір 1 сағат төңірегінде сайлауға келген қаншама жастарымызға, жексенбі күні екеніне қарамастан бар шаруаларын жинап қойып келген қыз-келіншектерімізге қарап сүйсіндім. Көңіл-күйлері де жоғары. Бірімен бірінің ісі жоқ. Өз дауыстарын беріп шығып кетіп жатыр. Ешкімді ешкім зорлап дауыс бергізіп жатқаны байқалмайды.
Осындай елдің алдында сөз сөйлейтін, бітімгерлікке, бірлікке шақыратын ақсақалдарымыздың дұрыс бағыт таңдап, сайлаудың әділ әрі шынайы өтуіне атсалысқаны көңіл қуантты. Еліміздің заңы мен тәртібін сақтауды қолдайтын азамат ретінде менің айтарым – сайлау өз деңгейінде әділ өтті деп есептеймін.
Айтбай Маханбет
Жетісай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы
300 қаралым