Жарияланды: 21.11.2022

ЕРКІН ТАҢДАУ ЖАСАУ – ШЫН МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАЙДЫ

Бүгінгі күн қазақстандықтар үшін үлкен маңызға ие тарихи күн болды. Бүкіл халық болып еліміздің Президентін таңдадық. Әркім өзі қалаған үміткерге дауыс берді, сайлауалды бағдарламасы ұнағанына қолдау көрсетті. Ешкімді ешкім алдамады, дауыс беруге мәжбүрлемеді.
Таң азанның ауданның сайлау құқы бар үлкен-кішісі өздерінің учаскелеріне ағылып, елінің ертеңіне немқұрайлы қарамайтыны көңіл қуантты. Саналы түрде таңдау жасалды.
Міне, сондықтан да сайлауды «әділ өтті» деп толықтай сеніммен айта аламын.
Енді жеңіске жетіп, халықтың сеніміне ие болған қай үміткер болса да өз халықының игілігі үшін алдағы уақытта да аянып қалмайтынына, еліміздің болашағы үшін ауқымды жобаларды қолға алып, жүзеге асатынына шүбә келтірмейміз. Тек қана алға дейміз.
Набаткүл Байтанаева,
Іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы
267 қаралым