Жарияланды: 21.11.2022

ЖАРҚЫН КЕЛЕШЕККЕ ҚАРҚЫНДЫ ҚАДАМДАР

20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Ел болашағы үшін маңызды саяси науқан аудан көлемінде жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды.
Сайлауға таңертеңнен ерте барған тұрғындарымызды көріп, қуанып қалдым. Бұл дегеніміз отандастарымыздың ел тағдырына бей-жай қарамайтыдығының айқын көрінісі. Осы жерде өзім секілді жастарды көріп, шамалы әңгіме құрдық. Сайлау участкесінде жексенбі күні екеніне қарамастан бар шаруаларын жинап қойып келген жастарға қарап сүйсіндім. Өз дауыстарын беріп шығып кетіп жатыр. Ешкімді ешкім зорлап дауыс бергізіп жатқаны байқалмайды.
Осындай ел тағдырын ойлайтын, білімді жастарды көріп, ел аманатын арқалайтын патриот азаматтырымыз көп екендігіне қуандым. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, келешегіміз кемел болсын!
Түлкібас аудандық Түрік этномәдени орталығының төрағасы Ж.Абилов
454 қаралым