Жарияланды: 21.11.2022

«Елімнің ертеңі, мемлекетіміздің мәртебесі, ұрпағымыздың баянды болашағы үшін ДАУЫС БЕРДІМ!»

Таңсәріден сайлау учаскелерінің алды халыққа толы болды. Сарыағаш ауданының тұрғындары нөсерлеп жауған жаңбырға қарамай сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауларын жасады. Сайлауға ақсақалды қариялар мен ақ жаулықты аналардан бастап жаңа ғана отбасын құрып, некеге тұрған жас жұбайлар мен өмірінде тұңғыш рет дауыс беру құқына ие болған азаматтарға дейін белсенді түрде қатысты. Мұның өзі елімізде саяси мәдениеттің күн санап артып келе жатқанын дәлелдесе керек. Сайлау барысын¬да Сарыағаш ауданында ешқандай заң бұзушылық тіркел¬ген жоқ. Байқау¬шылар тарапынан да сын-ескертпелер айтылмады. Саяси науқан өз деңгейінде өтті. Сайлау жалпыға бірдей, тең, бәсекелі әрі ерікті түрде өтті. Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек. Еліміздің жаңа Қазақстанға айналып, өркениет жолына қарай гүлденеріне сенімім мол.
Кешегі өткен сайлау – игіліктердің, жақсылықтардың даңғыл жолына түсуге игі әсерін тигізетін науқан болады деп үміттенемін. Ел келешегі үшін барын салар, еліміздің жарқын болашағының кепілі болар лайықты үміткерге мен де өз даусымды бердім.
Ермаханбетова Жамила Еркінқызы
Қабланбек ауылдық округі Аналар кеңесінің төрайымы
305 қаралым