Жарияланды: 21.11.2022

САЙЛАУ: ерекшелігіміз — бірлігімізде!

20.11.2022 жыл мен үшін тарихта алтын әріптермен жазылып қалады деп айтсам артық болмасы анық. Өйткені барлық азаматтармен азаматшалар Қазақстан Республикасы Президентін сайлауға белсене атсалысты. Биылғы сайлау Кентау қаласында жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын атап өткім келеді. Бұл жұмыстар «Партиялық емес байқау орталығы» РҚБ Түркістан облысы, Кентау қаласы филиалының капитаны болып сайлауда әділ жұмыс атқардық. Кентау қаласында 34 сайлау округы (1) жабық сайлау округы, 238 бақылаушы бар. Барлық бақылаушылар бір кісідей ат салысып, әділ және шыншыл бақылаушы болды. Қаламыздың көп ұлтты тұрғындарын көргенде бірлігіміздің бекемдігіне, саяси белсенділігіне шүкіршілік еттім.
Өзімізде дауыс беру үшін Қайырбековтер отбасы-жанұямызбен бірге 36 — ші сайлау округіне барып еліміздің болашағы үшін президентікке үміткерлердің арасынан өзіміздің таңдаумызды жасадық.
Ынтымағымыз бен бірлігімізді көріп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деп тілек тіледім!
Қайырбеков Әділбек Алиакбарұлы
«Партиялық емес байқау орталығы» РҚБ Түркістан облысы, Кентау қаласы филиалының капитаны
396 қаралым