Жарияланды: 22.11.2022

БОЛАШАҚҚА СЕНІМ МОЛ


Еліміз үшін ең маңызды оқиға Қазақстан Республикасы Президентін сайлауы өтті.
Сайлауды өткізуге дайындық жұмыстары тыңғылықты жүргізілгендіктен, халыққа дауыс беру үшін бар мүмкіндік жасалды. Мұны біз ақпарат құралдарынан, әлеуметтік желіден көріп, біліп отырдық.
Ал мүмкіндігі шектеулі және науқас жандарға, жүре алмайтын қарт адамдардың үйіне барып, өз таңдауын жасауға жағдай жасалды. Үгіт-насихат жұмыстары жоғары деңгейде әрі дауыс беруге келушілер саны да көп болды.
Ең бастысы, сайлау таза, әділ өтті деп есептеймін. Қазақстанның болашағы жарқын болады деп сенемін!
Аманбек Махажанов,
зейнеткер

434 қаралым