Жарияланды: 05.01.2023

ХАЛЫҚ ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫНА ҚАТЫСТЫ АШЫҚ ТЫҢДАУДАН КӨП САУАЛҒА ЖАУАП АЛДЫ

Туған Отанымыз — Қазақстанның Тәуелсіздігі мен Егемендігіне үлкен сынақ болған өткен жылдың қаңтар айында орын алған қасіретті оқиғалардың тарих қойнауына енгеніне бір жыл болып отыр.
Шындығында, ол оқиғалардың зары мен зардабы еліміз үшін оңай соққан жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «…халықтан жасыратын ештеңе болмауы тиіс, қоғам шындыққа көз жеткізуі керек» деген болатын. Халқымыз да, қоғам да қаңтардағы қасірет туралы жан-жақты әрі ашық ақпарат алғысы келетініне мемлекет мүдделі болу керектігі жайлы қағиданы басшылыққа алып, бүгін ҚР Бас Прокуроры, ҚР Ішкі істер министрі және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар Агенттігінің төрағасы ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында қоғам белсенділері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуында өткен тыңдауда қаңтар оқиғалары бойынша бір жыл көлемінде жүргізілген тергеу амалдарының нәтижелері жөнінде есептерін берді.
Мәжілістегі ашық тыңдаудың тікелей эфирде «Хабар» агенттігігің телеарнасынан, Парламент Мәжілісінің сайтынан,ресми ақпараттық алеуметтік желілерден берілгендігін барлығыңыз көріп, тыңдадыңыздар. Бұл өте құптарлық жағдай.Халық,ата-бабаларымыздың сөзімен айтқанда, әрқашан шындықты біліп отыруы тиіс. Осыған орай,өткен жылғы оқиғалар бойынша әлі де кең көлемдегі зерттеулер мен тексерулер жүргізіліп,заң аясында толығымен құқықтық бағалар берілуі қажет.
Кешегі ел басына түскен қиын-қыстау күндері барлық қазақстандықтың тыныштығын, Отанымыздың Тауелсіздігі мен Егемендігін,мемлекетіміздің тұтастығы мен тұрақтылығын,мызғымас бірлігін қорғап қалудың аса маңыздылығына көзіміз жетті.
Өткен оқиғалардан ащы сабақтар ала отырып,оларға жол бермеу мақсатында шыңдалуымыз керек, біртұтас мызғымас ел ретінде бір-бірімізбен татулық пен бірлікте болып халқымыздың амандығын,жұртымыздың тыныштығын,жеріміздің тұтастығын қорғау бәріміздің азаматтық парызымыз және борышымыз.
Бақытжан БЕЙСЕМБАЕВ,
«Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі
785 қаралым