Жарияланды: 08.03.2023

ӨМІРІМІЗДІҢ АЛТЫН АРҚАУЫ — ӘЙЕЛ

Бүгін Халықарылық әйелдер күніне орай, аудандық Мәдениет үйінде салтанатты шара өтті. Көктемнің күніндей құлпырған әйел-ана, қыз-келіншектерді аудан әкімі Төлеген Телғараев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев мерекемен құттықтап, оларға деген ізгі тілегін жеткізді.

 
Әйелдер мейірім мен жылудың, сұлулық пен махаббаттың, тыныштық пен тұрақтылықтың символы болумен қатар, қоғамның түрлі салаларында жемісті жұмыс жасап келеді. Әсіресе мемлекеттік қызметте, шағын және орта бизнес саласында да арулар жетерлік.
 
«Ер елдің иесі, әйел – үйдің киесі» дегендей отбасындағы береке-бірлікке, өмірдегі әсемдік пен нәзіктікке жолбасшы бола жүріп, айналасына инабаттылықтың нұрын сепкен аналарымыз қашанда құрметке лайық. Өміріміздің алтын арқауы — әйел, аналарды мемлекетіміз де өз кезегінде қамқорлыққа алған.
 
Әйел-ана – отбасының берекесі, барша адамзаттың тәрбиешісі. Мұхтар Әуезов айтқандай, әйел-ана бір қолымен бала тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. Шынында, аналарсыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес.
​ Табиғат ананың жаңарып, мейірім жылылығын ала келетін көктемнің бұл мерекесінде аудандық Мәдениет үйінің ​ қызметкерлері концерт өткізіп, аналарға ерекше көңіл –күй сыйлады.
369 қаралым