Жарияланды: 19.03.2023

ТҮРКІСТАН: БІР САҒАТТА ҮШ МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ТАҢДАУ ЖАСАП ҮЛГЕРДІ

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлау күні.

Түркістан қаласында 62 сайлау учаскесі жұмысын бастап, таңғы 07:00-ден сайлаушыларды қабылдауда.

Комиссияның мәлімдеуінше, алғашқы сағатта 3000-нан астам түркістандық өз таңдауын жасап үлгерген.

Жалпы Түркістан қаласында дауыс беру құқығына ие 121 405 тұрғын бар.

Алғашқы дауыс беруші белсенді азаматтарға сайлау учаскелерінде сый-сияпат жасалып, мерекелік құттықтаулар ұйымдастырылды.

343 қаралым