Жарияланды: 19.03.2023

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА 90 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯ ДАУЫС БЕРДІ

Сарыағаш ауданында 82 сайлау учаскесі бар. Олардың барлығында сайлаушылардың дауыс беруіне толық жағдай жасалған.

Сарыағаш ауданы, Қызылжар ауылдық округінің тұрғыны 90 жастан асқан қария Қамбаров Қабыл №636 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасап, ел жастарына батасын берді.

«Елімізде болып жатқан өте маңызды саяси науқанға бей-жай қарамай, өз таңдауымды жасадым. Себебі, әр азаматтың дауысы – маңызды. Жаңа Қазақстанды құру – баршамызға ортақ міндет. Бүгінгі айтулы шара ел болашағына әсер ететін маңызды шешім, барша азамат өз таңдауын жасауы маңызды қадам. Тәуелсіз еліміздің болашағы дегенде барлығымыз бір кісідей атсалысуымыз керек. Менің жасым 100-ге таяп қалса да ешқашан сайлаудан тыс қалған емеспін, сайлауға әр азаматтың баруы міндетті деп есептеймін. Еліміз тыныш, бала-шағамыз аман болып, Қазақстанымыз көркейе берсін», — дейді қария.

Сөз соңында қария барша қазақстандықтарды сайлауға белсенді түрде қатысуға шақырып, ақ батасын берді.

436 қаралым