21.03.2023 ж. сағ: 22:50 шамасында Шымкент қаласында жер сілкінісі орын алды. Жер сілкінісі бойынша Алматы қаласы Жер сілкінісі зерттеу орталығында ақпарат жиналуда.
101 және 112 құтқару қызметіне қирау бойынша ақпарат түскен жоқ.
Оның эпицентрі Ауғанстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 848 км жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 16.1. MPV магнитудасы 7.8. Эпицентрдің координаттары 37.00° С. Е. 71.12° ш. б. тереңдігі 120 км. сезгіштігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Шымкент қ. – 3 балл. Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ.