Оңтүстіккореялық Doosan Group қуаты 1000 МВт бу-газ қондырғысы негізінде электр станциясын салу кезінде мердігер ретінде таңдалды.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Қазақстанда энергетиканың барлық түрлерін: газ, көмір, атом және жаңартылатын энергетиканы дамытпақ. Компания жақын арада елеулі өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр.
Бұл орайда, Екібастұздағы МАЭС-2-де қуаттылығы 636 МВт болатын екі жаңа көмір энергоблоктары іске қосылады. Сонымен қатар, жалпы қуаты 1100 МВт болатын екі энергоблокқа жаңа МАЭС-3 салынады.
Түркістан облысында қуаты 858 МВт екінші газ электр станциясын құрады.
Алматы облысының Үлкен кентінде атом электр станциясы салынады. Қазір құрылыс мердігері мен технология жеткізушісі таңдалып жатыр. Әрқайсысының қуаты 1 ГВт болатын екі ірі жел паркін тұрғызу жоспарланып отыр. Біреуін франциялық Total Open, екіншісін Сауд Арабиясының ACWA Power салады.