Жарияланды: 05.08.2018

Аграрлы аймақтың мүмкіндігі мол

Түркістан облысында биылғы жартыжылдықта ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 146,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,4 млрд. теңгеге артқан. Ал, республикада өнім көлемі бойынша облысымыздың үлесі 14,6 пайызды құрап отыр. Соның арқасында облыс республикада екінші орынға шығып отыр. Ауыл шаруашылығы экспортының көлемі 68,6 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылғы тиісті кезеңдегіден 18,2 пайызға артты. Бұдан бөлек, бүгінгі таңда облыс бойынша 60 мыңнан аса үй шаруашылықтары мен шағын фермер мүшелерінен құралған 704 ауыл шаруашылығы кооперативі тіркеліп, жұмыстарын жүргізуде.  Қой басы 300 мың басқа дейін ұлғаймақ. Айта кетейік,  облыс әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков пен ҚР АШМ мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Еркебұлан Ахметов баяндама жасады. Сондай-ақ, бірқатар фермерлер жаңа мемлекеттік бағдарлама жөніндегі ойларын ортаға салды. жұмысымен танысты. Жалпы Түркістан облысы аграрлы аймақ екені белгілі. Алдағы уақытқа жоспарланған межелердің бәрін орындауға толық қуаты жетеді. Оған түркістандық аграршылардың мүмкіндігі мол.

1 108 қаралым