Жергілікті тұрғындармен кездесу арқылы өзекті мәселелер шешімін тауып келеді. Бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков «Шауғар» және «Отырар» секторларында болып, тұрғындармен бірге маңызы бар нысандарды аралады.
Тұрғындар балаларға арналған ойын алаңшалары мен спорт алаңшаларын салу мәселесін көтерді. Бұл бағытта қалада жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда тұрғын үй алаңдарын абаттандыру бойынша жоба жасалған. Жұмыстар жобаға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады.
Тұрғындардың көтерген мәселелері кезегімен шешімін тауып келеді. Жергілікті тұрғындардың ұсыныстары негізінде бүгінде «Шауғар» секторында интернет желісін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар шаһар аумағында инфрақұрылым жүйесін жақсарту бойынша жұмыстар қарқынды жалғасуда.
Қала әкімі құрылыс нысандарының сапасын бақылауда тұрғындарды белсенді болуға шақырды.