Жарияланды: 20.05.2023

Еуродепутат Қазақстандағы реформаларға өзінің қолдауын білдірді

Қазақстанның Болгариядағы Елшісі Виктор Темірбаев Болгарияның Еуропарламенттегі мүшесі, Еуропа үшін либералдар мен демократтар альянсының тең төрағасы Илхан Күчүкпен кездесті.

Әңгімелесу барысында қазақстандық дипломат Еуропарламент мүшесін еліміздің саяси жүйесіндегі соңғы өзгерістермен және ағымдағы жылғы сайлау кезеңінің нәтижелерімен таныстырды. Сонымен қатар В. Темірбаев саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-болгар қатынастарының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ оларды одан әрі тереңдету жоспарлары туралы хабардар етті.

Өз кезегінде И. Күчүк жүргізіліп жатқан реформаларды құптап, олар Қазақстанның демократиялық даму жолымен жүруге деген шынайы ұмтылысын көрсететінін атап өтті.

Кездесудің соңында тараптар кездесу барысында белгіленген барлық мәселелер бойынша жұмыс байланыстарын қолдауға келісті.

212 қаралым