Жарияланды: 06.08.2018

Инвестор ауылда зауыт салмақ

Түркістан облысындағы Байжансай ауылы нағыз алтын мен күмістің кені. Атағы алысқа кеткен зауыт болған кезінде. Айнала қоршаған таудың етегі толған байлық қазына дейді білетіндер. Мұнда түсті металл, алтын күміс, қорғасынның кені бар көрінеді. Өткен ғасырдың 35-жылдары салынған шахта 90- жылдарға дейін үздіксіз жұмыс істеп келген. Қазіргі таңда бұл кен өндіру орнының  ені — 3 метр, биіктігі — 5, ал, ұзындығы — 20-28 шақырымға созылып жатыр. Адамдар ондағы темір-терсектің барлығын кесіп алып кеткен. Ауылда тек көненің көзіндей болып бұрынғы Гагарин көшесінің атауы мен мешіт және мектептің ғимараты ғана тұр. Байжансай ауылы қарайтын  Жарықбас ауылдық округінің әкімі Нұрлан Мейірбеков болса 5 үйдің бір азаматшасын ақылы жұмысқа тарттық,- дейді. Өзгелері өз малдарымен күнелтіп отырғанын айтады. Жақын күндері кен орнының өн бойына қан жүре бастайды деп атап өтті. Өйткені, ескі шахтаны қайта игеру үшін инвестор табылған. Бұл өз кезегінде облыста индустриалды инновациялық даму бағдарламасының бір жемісі болып табылады.  Біраз жылдар бойы геологиялық барлау жұмысын жүргізген отандық компания алғашқы техникасын елді мекенге жеткізіп үлгерген. Кәсіпкерлердің сөзінше, инвесторлар  ең алдымен ауылға инфраструктурасын түгендемек. Алдымен таза ауыз су тартса, одан кейін газ әкелмек. Содан кейін, жол жөндейді. Қаншама адамға нәпақа табатын жұмыс орнын ашады. Жұмысшылардың басым бөлігі жергілікті тұрғындар болмақ.

1 002 қаралым