Жарияланды: 26.05.2023

Марокко Королінің кеңесшісі Қазақстанмен мәдениетаралық және өркениетаралық диалогты ілгерілетуге мүдделі

Қазақстан Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Марокко Королінің кеңесшісі, ірі кәсіпкер, еврей қауымдастығының белсенді мүшесі Андре Азулаймен кездесті.

Кездесу барысында С. Сайлауқызы Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының Қазақстандағы қызметі, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIІ съезінің қорытындылары мен оның жұмысы, сондай-ақ еліміздің ішкі және сыртқы саяси ахуалы, екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты ілгерілету әлеуеті туралы хабардар етті.

А. Азулай діни төзімділікке, өзара сыйластық пен ынтымақтастыққа негізделген әлем құрудағы Қазақстанның рөлін жоғары бағалап, осы саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделілік білдірді. Сонымен қатар ол халықаралық деңгейде мәдениетаралық және өркениетаралық диалогты ілгерілету мақсатында Қазақстан мен Марокко арасында ауқымды іс-шара өткізуге бастамашы болды.

Тараптар сондай-ақ Қазақстанның еврей қоғамдастығының қызметі мен Алматы қаласында жерленген хасидтік раввин Леви-Ицхақ Шнеерсонның еңбектерін талқылады.

 

140 қаралым