Түркістан облысындағы құрылыс компанияларының ішіндегі «Оңтүстік құрылыс сервис» тұрғын үй құрылысына мемлекеттік үлестік кепілдік алған компаниялардың бірі. Серіктестік директоры А.Құртаевтың айтуынша бүгінде компанияның құрылыс саласында тәжірибесі мол, заманауи құрал жабдықтармен жарақтандырылған, жоғары білікті мамандары мол, санитарлық, экологиялық, сейсмикалық талаптар қатаң сақталынады. 9 000 шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берген. Әрі облыс бойынша кепілдікті алған жалғыз компания болып табылады. 2001 жылы құрылған компания құрылыс материалдарын да шығарады. Қабырға блоктары, жолаяқ плиткалары өндіреді. «Стандарт-цемент» және «Rixos Khadisha» кешендерінде қолтаңбасы бар. Әрі салып жатқан тұрғын үй кешендерінде тұрғындарға қолжетімді бағада өткізгенді құп көреді. Сапалы құрылыс салумен аты мәлім компания енді барлық жағдайы жасалған «Бахыт» тұрғын үй кешенін тұрғызуда. Облыстағы ірі кәсіпорынның бірі болып табылатын компанияның алда межелеген жоспарлары көп. Даму сатысынан өтіп, жетістіктердің биігіне шыққан компанияның атқарған жұмыстарына тағылар сын жоқ. Баспана бақытын бұйыртатын компанияда бүгінде мыңдаған адам жұмыс істейді.
Жарияланды: 07.08.2018