Жарияланды: 02.06.2023

Қазақстан мен Индонезия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағына 30 жыл

2023 жылғы 2 маусымда Қазақстан мен Индонезия дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай айтулы күнді атап өтуде. Осы күннің құрметіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу индонезиялық әріптестеріне құттықтау хаттарын жолдады.

Мерейтойлық дата – Қазақстан мен Индонезия мемлекеттерінің өзара тиімді әріптестік байланыстарын сыйластық пен теңдік негізінде нығайту жолындағы ілгерілемелі қозғалысының көрінісі. 1993 жылы дипломатиялық қатынастар орнағалы екі ел экономика, сауда, білім және мәдениетті қоса алғанда, түрлі салаларда жемісті өзара іс-қимыл жасап келеді.

Осы жылдар ішінде екі ел арасындағы сауда қатынастары айтарлықтай өркендеді, өзара тауар айналымы артуда. Екі ел түрлі бағыттарда, әсіресе энергетика мен ауыл шаруашылығында экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтылуда.

Көшпелі өркениет бесігі – Қазақстан және әлемдегі ең үлкен архипелагтік мемлекет – Индонезия арасындағы қатынастарда мәдени байланыстардың да атқарып отырған рөлі елеулі. Студенттер мен зерттеушілермен алмасудың, сондай-ақ мәдени және ғылыми іс-шараларға қатысудың арқасында екі елдің халықтары бір-біріне жақындай түсуде.

Соңғы 30 жылда Қазақстан мен Индонезия дипломатиялық өлшемдегі талпыныстардың арқасында бірлескен прогресстің берік іргетасын қалай алды: екі ел өзара түсіністікке, достық қарым-қатынастарды сақтауға және тұрақты дамуға жәрдемдесу жолында күш-жігер біріктіруге ұмтылыс танытты.

Бүгінде Қазақстан мен Индонезия өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге берілгендік білдіре отырып, сеніммен және оптимизммен болашаққа қарауда. Екі ел қазақстандықтар мен индонезиялықтардың игілігі үшін ынтымақтастық мүмкіндіктерін іздестіруге және іске асыруға бағытталған дипломатиялық күш-жігердің жаңа тарауын бастағалы отыр.

211 қаралым