Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Мадияр Менилбеков «Masdar» Бас атқарушы директоры Мұхаммед әл-Рамахимен кездесті, онда келіссөздер барысында тараптар компанияның Жамбыл облысында жел электр станцияларын салу жоспарын растады.
Әңгімелесу қорытындысы бойынша тараптар ү. ж. 8-9 маусымында өтетін Астана халықаралық форумы барысында «Masdar» Қазақстанның мемлекеттік органдарымен жобаны жүзеге асыру бойынша жол картасына қол қояды деп уағдаластыққа қол жеткізілді.
Анықтама: 2006 жылы құрылған «Masdar» компаниясы жаңартылатын энергия көздері және тұрақты даму саласындағы әлемдік көшбасшы болып табылады.