Жарияланды: 02.06.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» басшыларының екінші кездесуінде сөз сөйледі

«Былтыр қараша айында Еуропалық Комиссияның Президенті Урсула фон дер Ляйенмен бірге Тұрақты шикізат, аккумуляторлар және жаңғыртылатын сутектің құнын жасақтау тізбегі бойынша стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойдық.

Біздің көпқырлы ынтымақтастығымызды одан әрі дамыту үшін мүмкіндік мол. Географиялық жағдайын ескере отырып, Қазақстан Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара тиімді кооперацияны кеңейту үшін өзінің сауда-экономикалық және көлік-логистикалық мүмкіндіктерінің барлық спектрін іске қосуға дайын»

«Екінші. Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту.

Орталық Азия «Қытай – Еуропа» бағыты бойынша құрлықтағы транзиттік тасымалдардың 80 пайыздан астамы үшін өзіндік көпір саналады. Бұл ретте қазіргі кезеңде Транскаспий халықаралық көлік бағыты стратегиялық маңызға ие болды. Бұл бағыт өңірлеріміз арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейін едәуір арттыра алады.

Жуырда Қытайға жасаған мемлекеттік сапарымның аясында қытайлық серіктестерімізбен бірге Сиань қаласында логистикалық терминалдың іргетасын қаладық. Бұл порт Орталық Азия территориясы арқылы Еуропаға тікелей контейнерлік пойыздарды жіберу үшін маңызды хаб болмақ.

Сондай-ақ біз Транскаспий бағытын Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен ұштастыруға уағдаластық. Былтыр осы күре жол арқылы шамамен 1,7 миллион тонна жүк тасымалданғанын атап өткім келеді. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен екі есе көп»

Көшбасшылар Орталық Азия елдері мен Еуропалық Одақ арасындағы қатынастарды одан әрі институциоландыруды қолдау жолында жоғары деңгейдегі қолда бар және жаңа платформалардың қосқан үлесіне қошемет білдірді. Қатысушылар Еуропалық Одақ – Орталық Азия арасындағы соңғы диалогтар мен платформалардың, атап айтқанда, 2023 жылғы 18-19 мамырда Алматы қаласында өткен Еуропалық Одақ – Орталық Азия екінші экономикалық форумының, 2023 жылғы 10 наурызда Ташкент қаласында өткен Азаматтық қоғам форумының, 2023 жылғы 23-24 ақпанда Римде өткен қоршаған орта және су ресурстары саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Еуропалық Одақ – Орталық Азия жоғары деңгейдегі 7-ші конференциясының, 2022 жылғы 18-19 қарашада Самарқандта өткен Еуропалық Одақ – Орталық Азия өзара байланыс жөніндегі Еуропалық Одақ – Орталық Азия конференцияларының және Министрлік кездесуінің оң нәтижелеріне қанағаттанушылық білдірді. Қатысушылар келесі министрлік кездесуінде «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» Жол картасын қабылдауға ниет білдірді. Олар өзара құрмет пен өзара қолдау негізінде өршіл ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.

158 қаралым