Жарияланды: 03.06.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысу үшін «Кулие» сарайына келді

Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент резиденциясында Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу қарсы алды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде Режеп Тайип Ердоғанды Түркия Президенті болып сайлануымен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысты.

   Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Анкарадағы «Кулие» сарайында өткен Түркия Республикасының Президентін ұлықтау рәсіміне қатысты.  

 Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған сөйлеген сөзінде ұлықтау рәсіміне арнайы келіп қатысқаны үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа шынайы ризашылығын білдірді. 

 Мемлекет басшысымен қатар салтанатты шараға, 40-тан астам мемлекеттің басшыларын, үкіметтер мен парламенттердің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілерін қоса алғанда, 90-нан астам делегация өкілі қатысты.

113 қаралым