Жарияланды: 06.06.2023

Сербияның туристік өңірі – Златибор округінде Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

 Консулдық округіне Златибор әкімшілік округі кіретін Сербияның ең көрнекті өңірлерінің бірінде Қазақстанның Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға Сербия Республикасының Еңбек, әлеуметтік қорғау және ардагерлер істері бойынша министрі Никола Селакович, Сыртқы істер министрінің орынбасары Мирьяна Живкович, Ужице қаласының мэрі Елена Ракович-Радивоевич және Златибор округінің басшысы Десимир Попович, сондай-ақ Сербияның іскерлік, академиялық және шығармашылық топтарының өкілдері қатысты.

Қазақстан Елшісі Мәди Атамқұлов өз сөзінде Сербияның батысында ҚР Құрметті консулдығының ашылуы елдеріміздің түрлі аймақтарының белсенді атсалысуымен екі мемлекет арасындағы дәстүрлі достық қатынастарын одан әрі нығайтуға қосымша серпін беретіндігін атап өтті.

Өз кезегінде Н. Селакович аталған округте ашылған жаңа қазақстандық өкілдік екіжақты туризмді дамытуға, сонымен бірге іскерлік байланыстарды орнатуға сөзсіз пайдасын тигізетіндігіне сенім білдірді.

Златибор округіндегі ҚР Құрметті консулы лауазымына медицина саласындағы табысты кәсіпкер Николай Воробьев тағайындалды.

Осы ретте Ужице қаласындағы ҚР өкілдігі еліміздің Сербиядағы екінші құрметті консулдығы екендігін атап өткен жөн. Одан бұрын, 2015 жылы алғашқы ҚР Құрметті консулдығы Белград қаласында ашылды.

195 қаралым