Жарияланды: 07.06.2023

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ЕАЭО және ТМД аясында өтетін бірқатар іс-шараға қатысу үшін жұмыс сапарымен Сочи қаласына (РФ) барды

Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында:

🟢қатысушы елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығын;

🟢көлік инфрақұрылымын дамыту;

🟢теміржолдағы жүк тасымалдарын цифрландыру;

🟢ЕАЭО шеңберінде климаттық және цифрлық күн тәртібін жүзеге асыру мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.

 ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысы барысында Достастықтағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша талқылау өтеді. Сонымен қатар өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және ынтымақтастықтың бірқатар өзекті бағыты бойынша бірлескен шараларды іске асыру мәселелерін қарау жоспарланған.

 Іс-шаралар алаңында Әлихан Смайылов екіжақты кездесулер өткізеді деп күтілуде.

Сочиде (РФ)

Армения премьер-министрі Никол Пашинян

Беларусь үкімет басшысы Роман Головченко

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов

Қырғызстан премьер-министрі Ақылбек Жапаров

Ресей үкімет басшысы Михаил Мишустиннің қатысумен өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысында ЕАЭО аясында мемлекетаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қаралды.

Тараптар кең ауқымды мәселелерді, атап айтқанда, Климаттық күн тәртібіндегі іс-шаралардың бірінші пакетін іске асыру, интеграцияланған ақпараттық жүйені одан әрі дамыту және жалпы «цифрлық» ынтымақтастықты нығайту, электр энергиясының ортақ нарығын қалыптастыру аясындағы қадамдар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру шараларын талқылады.

 Сонымен қатар Иранмен еркін сауда келісімін жасау жөніндегі келіссөздердің нәтижелері және басқа да бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

197 қаралым