Жарияланды: 08.06.2023

Қазақстан Женевада өткен Азиялық фестиваліне қатысты

Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдігі Женевадағы Азия елшілерінің әйелдер қауымдастығы (AAWAG) ұйымдастырған Азия фестиваліне қатысты.

Іс-шараға 26 Азия елдерінің делегациялары қатысып, өз елдерінің бай мәдениетін, аймақтық және діни әралуандығын көрсететін сүйіспеншілік пен бақыт мерекесін тойлау дәстүрлерін ұсынды. Қонақтарға үйлену тойының ерекше әдет-ғұрыптары мен зергерлік бұйымдарымен қоса ерекше кәдесыйлар мен сыйлықтар және ұлттық тағамдар ұсынылды.

ҚР Тұрақты өкілдігі азиялық үйлену дәстүрлерінің алуан түрлілігін дәріптеуге өз үлесін қосып, қазақтың үйлену той рәсімдерін, дәстүрлі қолөнер және зергерлік бұйымдарын, халқымыздың бай мәдени мұрасын ұсыну мүмкіндігіне ие болды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Йемен мен Сирияда гуманитарлық көмек көрсететін қайырымдылық ұйымдарына қаржылай қолдау көрсету.

264 қаралым