Жарияланды: 10.06.2023

Еуропа Кеңесі Қазақстанға жастар саясаты саласында жәрдемдесуге дайын

 Қазақстан Республикасының Страсбургтағы Бас консулдығы «Ұлан-ғайыр Дала Елі» қоғамдық бірлестігінің басшысы Валихан Бахретдинов, «Ассамблея жастары» АҚҰ төрағасы Тимур Джумурбаев, «Maqsut Narikbayev University» университетінің қауымдастырылған профессоры Муслим Хасенов, Қостанай облысы әкімдігінің әлеуметтік даму бөлімі бастығының орынбасары Абылайхан Кәкенов және т.б. құрамында ҚР жастар делегациясының Еуропа Кеңесінің еуропалық жастар орталығының атқарушы директоры Мари Фаригулмен және Еуропа Кеңесінің бағдарламаларды үйлестіру жөніндегі директоры Дельфин Фрейманмен келіссөздерін ұйымдастырды.

Қазақстандық делегация еуропалық әріптестерді жақында қабылданған жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі заңы аясындағы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастар саласындағы реформалары, сонымен қатар Қазақстанда жүргізіліп жатқан басқа реформалар және Еуропа Кеңесімен одан әрі ынтымақтастық жөніндегі пайымы туралы хабардар етті. Еліміздің дамуы жас қазақстандықтардың даму деңгейімен, олардың қоғамға интеграциялануымен тығыз байланысты екенін атап өтті.

Осы саясаттың басымдықтары «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі мақсаттарының бірі болып табылатынына назар аударды. Осы бағытта іске асырылып жатқан бағдарламалар білім беру, еңбек және жұмыспен қамту, денсаулықты сақтау, шығармашылық әлеуетті дамыту саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге, жастарды кеңінен әлеуметтендіру үшін жағдай жасауға және отансүйгіш құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған.

Сонымен қатар Қазақстан және Еуропа Кеңесі арасында жастар және үкіметтік емес ынтымақтастығын жандандыру жолдары талқыланды.

Өз тарапынан Еуропа Кеңесінің өкілдері Қазақстан басшылығының реформаларын жоғары бағалап, елді одан әрі демократияландыру бағытын қолдады және жастар саясаты тұрғысынан қазақстандық процестерге жәрдемдесуді жалғастыруға дайын екендігін білдірді.

108 қаралым