Жарияланды: 13.06.2023

Алматыда аккредиттелген дипломатиялық корпуспен кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Өкілдігінде ҚР саяси ведомствосы басшысының орынбасары Қанат Тумыш оңтүстік астанада аккредиттелген шет елдердің бас консулдары мен консулдармен кездесті.

Кездесу барысында консулдық-құқықтық мәселелер, құрметті консулдар институтының қызметі, сондай-ақ сауда-экономикалық бағыттағы ынтымақтастық жайлы егжей-тегжейлі талқыланды.

Іс-шара қорытындысы бойынша осы сынды кездесулерді тұрақты негізде өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

166 қаралым