Жарияланды: 14.06.2023

Қазақстан Елшісі Монако Князіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстанның Франциядағы және Монакодағы қоса атқарушы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Монако Князі Альбер II-ге сенім грамоталарын табыс етті.

Сенім грамоталарын тапсыру рәсімінен кейін өткен сұхбат барысында Елші ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізіп, Қазақстанның екі ел арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейтуге және нығайтуға мүдделілігін растады. Қазақстандық дипломат Монако Князін елдегі ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен таныстырып, Қазақстанның халықаралық бастамалары, атап айтқанда ү.ж. 8-9 маусымда өткен Астана халықаралық форумы туралы айтып берді.

Өз кезегінде Монако Князі Монако мен Қазақстан арасындағы достық пен жемісті ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтіп, Президент Қ. Тоқаевқа елді жаңғырту жөніндегі маңызды өзгерістерді іске асыруда, ал Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.

159 қаралым