Жарияланды: 17.06.2023

KazAID Душанбе мамандарын оқытуды ұйымдастырды

«KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігі Әбуәлі ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетінің мамандары үшін екі күндік семинар өткізді.

«Сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі арқылы университеттерді сәтті аккредиттеу және ілгерілету» семинарының мақсаты сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу мен енгізудің тиімді стратегиялары мен әдістерін, сондай-ақ QS (QS World University Rankings) әлемдік рейтингтерінде университеттерді ілгерілету жолдарын ұсыну және талқылау болды.

Дәріскерлер ретінде «Астана» медицина университетінің сарапшылары – академиялық жұмыс жөніндегі проректор Жүнісова Айгүл және зерттеу мектебінің деканы Раисова Қарлығаш сөз сөйлеп, қатысушыларға сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу және енгізу принциптері мен әдістері бойынша сараптамалық қолдау көрсетті.

Өз сөзінде «KazAID» басқарма төрағасы Аркен Арыстанов жоғары медициналық білім беру жүйесін дамыту Орталық Азия елдері үшін маңызды құрамдас бөлік болып табылатынын, сондай-ақ Агенттік қызметінің негізгі секторлық бағыттарына жататынын атап өтті.

89 қаралым