Жарияланды: 07.12.2023

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ НЫСАНДАР ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕ СТАТУСҚА ИЕ БОЛДЫ

 

Түркістан облысының үш бірдей туристік қызмет көрсету ұйымы «Сапа белгісі» бағдарламасы талаптарына сай келгені үшін ерекшелік белгісімен марапатталды. Астана қаласында өткен іс-шарада «Rixos Turkistan» қонақ үйі, «Top Tobe Grand Hall» кешені мен «Turan Tour» ЖК туризм индустриясындағы ерекше статус иегері атанды.

 
Сондай-ақ, Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасына қарасты «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының да мамандары арнайы алғыс хатқа ие болды. Салтанатты жиынға «Kazakh Tourism» ҰК АҚ-ның Басқарушы директоры Даниел Сержанұлы марапаттарды табыстады.
Айта кетейік, «Сапа белгісі» бағдарламасына 2021 жылдан бастап «Kazakh Tourism» ҰК АҚ бастамасымен бизнес субъектілері арасында туристік қызметтерді ынталандыру және туристік өнімдерді дамыту мақсатында қосылған.
784 қаралым