Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында таеквондодан ақпанның 2-5 күндері Халықаралық G-2 турнирі өтті. Дүбірлі додада еліміздің намысын қорғаған түркістандық саңлақтар олжалы оралды. Ерлер арасында 87 келіде Нұрлан Мырзабаев қола алқа, ал 63 келіде Аманбол Бегімбетов күміс жүлдеге ие болды.
Сонымен қатар, Фуджейрада 4-7 ақпан аралығында жастар арасындағы рейтингтік турнир өтке болатын. Халықаралық додада жастар құрамасы сапында еліміздің намысын қорғаған түркістандық саңлақтар 3 қола медальға қол жеткізді. Жүлдегер спортшылар қатарында 63 келіде Батый Абдулхамит, 55 келіде Бәйдібек Базарбай, 52 келіде Балгерім Өтеген сынды дарынды таеквондошылар бар. Халықаралық додада сынға түскен жас спортшыларды Рақымжан Жанғылбаев жаттықтырған.
Жарияланды: 08.02.2024