Жарияланды: 16.07.2024

Боксшылар байрақты бәсекеге соңғы дайындықты пысықтады

фото Түркістан спорт

Бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасы 2024 жылы Париждегі XXIII жазғы Олимпиада ойындары алдындағы соңғы қарқынды жаттығуларын Түркістан облысы Төлеби ауданында орналасқан «Алма-Тау» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде аяқтады. Бұл кешен қорытынды дайындыққа тамаша жағдай жасап, команданың дайындығының маңызды бөлігі болды.

 

Олимпиадаға дайындалып жатқан спортшылар техникаларды жаттықтыру және дене дайындығын шыңдау үшін кешеннің барлық мүмкіндіктерін пайдаланды. Мұндай жағдайда дайындықтың соңғы кезеңі сенімділік пен алдағы жарыстарға дайындықты арттырады. Ұқыпты жұмыс пен қажырлы дайындық боксшыларымызға Париждегі Олимпиада ойындарында жоғары нәтижелерге жетуге көмектесері сөзсіз. Бұл жолы еліміздің былғары қолғап шеберлері кеңейтілген құрамда дайындық жұмыстарын жүргізді. Қарқынды жаттығуларға республикадан 80-ге жуық спортшы қатысып, күрделі шеберліктерін шыңдады.

 

Жаттығудың мұндай ауқымды тәсілі боксшыларға тәжірибе алмасуға, техниканы жетілдіруге және командалық рухты нығайтуға мүмкіндік береді. Кеңейтілген жаттығулар жеке дағдыларды шыңдауға ғана емес, сонымен қатар Олимпиада ойындарында сәтті өнер көрсетуге дайын біртұтас команда құруға көмектеседі. Күшті дайындық пен командалық жұмыс Париждегі жарыста жақсы нәтиже берері айқын.

 

Аталмыш  жаттығу кеңейтілген форматта өтті, бұл команданың дайындығына маңызды қадам болды. Оқытудағы бұл кең ауқымды әдіс жеке ілгерілеуге ғана емес, сонымен бірге командалық рухты нығайтуға да ықпал етті. Мұндай құрамдағы жаттығулар боксшыларға тәжірибе алмасуға, ойынның стратегиялық және тактикалық аспектілерін жақсартуға, сондай-ақ ұйымшыл команда құруға мүмкіндік берді. Бұл қарқынды дайындық спортшылардың жоғары дайындық деңгейін қамтамасыз етті, бұл әлемдік деңгейдегі маңызды жарыстар алдында өте маңызды. Боксшыларымыздың көрсеткен қажырлы еңбегі мен адалдығы олардың Париждегі өнер көрсетуіне оң әсерін тигізетініне сенім мол. Осындай тыңғылықты дайындықпен команда жаңа жеңістер мен жетістіктерге дайын, біздің спортшылар Олимпиада ойындарында ел намысын сәтті қорғайды деген үміт басым.

 

Бас бапкер Мырзағали Айтжанов осы уақытқа дейін талай саңлақты баптап шығарған мықты маман екені белгілі. Бұл жолы да айтулы маман дайындық деңгейіне баса мән берді. Талай саңлақтың топшысын қатайтқан бапкер бастаған Олимпиадалық құрам үшін бұл — Париж сапарының алдындағы соңғы жаттығу жиыны болып табылады. Айта кетейік, боксшылар толық құрамда бағын сынайды. 51 келіде Сәкен Бибосынов, 57 келіде Махмуд Сабырхан, 63,5 келіде Мұхамедсабыр Базарбайұлы, 71 келіде Асланбек Шымбергенов, 80 келіде Нұрбек Оралбай, 92 келіде Айбек Оралбай, +92 келіде Қамшыбек Қонқабаев сынды талантты жігіттер ел үмітін Париж төріндегі төрткүл дүние көз тіккен дүбірлі додада қорғайтын болады.  

 

Кездесу соңында Қазақстан Республикасы Бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп ұлттық құрама ерлеріне сәттілік тілеп, Олимпиада ойындарында ел сенімін ақтайтындарына үлкен сенім білдірді. Оның қолдау және ынталандыру сөздері алдағы жарыс алдындағы команданың көңіл-күйінің маңызды элементі болды. Мүтәліп тынымсыз еңбек пен жеңіске деген құлшыныс бүкіл ел күтетін нәтиже беретінін атап өтті. Сонымен қатар, федерация президенті елордада өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қаржылай құрмет көрсетті. Бұл жас спортшылар өздерінің қабілеттері мен әлеуетін танытып үлгерсе, Мүтәліп болашақта Қазақстан намысын әлемдік аренада танытып, көк байрағымызды көкте желбірететін ұлттық құраманың маңызды мүшесі болатындарына сенім білдірді.

 

Осы жиынға арнайы келген Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов облыс әкімі Дархан Сатыбалдидың құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ боксшыларға сәттілік тілеп, олар Қазақстанның туын қайта-қайта көтеріп, халықаралық тұғырларда әнұранды орындап, Парижде ел намысын лайықты қорғайтынына сенім білдірді. «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ер көгерер» дегендей жиын соңы құдайы-асқа жалғасып, спорт саласының ардагерлері мен абыз ақсақалдар ел үміттеріне бата беріп, Құран оқып, жалынды спортшыларға дүбірлі додада сәттілік тіледі. Ел ағаларынан бата алған арынды жастар ел намысын қорғауда барын салатындарын, намысты қолдан бермейтіндерін айтты.

 

119 қаралым