Жарияланды: 26.07.2024

5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына қатысатындар белгілі болды

фото uznai.kz

Бүгінде төрткүл дүние көз тігіп күтіп отырған Париж олимпиадасы басталмақ. Аталмыш шараға Қазақстаннан да үміттерін үкілеп қосқан спортшылар аттанды. Оның ішінде Түркістан облысының спортшылары да бар. Күні бүгін Олимпиада ойындары қарсаңында Франция астанасы Парижге Қазақстаннан спортсүйер жанкүйерлер жетті. Олардың көлігі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары стилінде безендірілген. Оны қазақстандық қоғам қайраткері, саяхатшы, Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бренд-амбассадоры Ерік Шыныбеков тізгіндеп келді. Бұл өз кезегінде әрі жарнама әрі туристерді тартуда таптырмайтын тәсіл болса керек.

Көшпенді Ерік Шыныбеков Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшыларды қолдау мақсатында жол тартқан. Парижге Атырау қаласынан шыққан. Содан кейін Ресей, Грузия, Түркия, Грекия, Италия және Германия елдері арқылы жүріп өткен. Ол жол бойы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын насихаттап  келген. Әсем безендірілген оның көлігін тамашаушылар көп болған.  Көшпенділер ойындарының үлгісінде көлігін безендіруді ол — өзінің отандық спортқа деген сүйіспеншілігін, жанашырлығын білдіретінін айтты. Осылайша елімізде туризмнің дамуына өз септігін тигізбек. Көліктің артқы есігінде дала фонында бүркітті ұшырып тұрған бүркітші бейнеленген. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  8-13 қыркүйекте өткізілмек. Оған бүгінде түркістандық спортшылар қызу дайындық үстінде. 

Тамаша безендірілген көлік париждіктердің таңданысын туырды. Париж тұрғындары мен қонақтары көлікті сыртынан тамашалап қана қоймай, Көшпенділер ойындары туралы көбірек білуге ​​және көшпелі халықтардың тарихы мен дәстүрімен танысуға мүмкіндік алды. Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 2024 жылдың 8-13 қыркүйек аралығында  Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына Түркістан облысынан қатысатындар белгілі болды. Олардың қатарында барлық жарыста оза шауып бәйге алған кіл мықтылар бар. Түркістан облысынан Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 24 спортшы 8 спорт түрінен қатысады. Атап айтқанда: көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, асық ату, құсбегілік, тоғызқұмалақ, алыптар сайысы.

Көкпар бойынша Жамалбеков Арман Ақылбекұлы, Ересектер арасындағы ҚР чемпионатының жүлдегері. Көкпардан Әлем чемпионы. Айтан Даулет Маралбекұлы Ересектер арасындағы ҚР чемпионатының жүлдегері. Сәмет Нұрбек Нұрмаханұлы, Ересектер арасындағы ҚР чемпионатының жүлдегері. Аударыспақ бойынша Ізбасаров Сырым Нұржанұлы 3 дүркін Азия чемпионы. ҚР чемпионатының 12 дүркін жеңімпазы.  Қосалиев Біржан Сатыбалдыұлы ҚР 10-дүркін чемпионы;  Азия чемпионатының — 3 дүркін чемпионы; Азия Кубогының күміс жүлдегері; «ЭКСПО-2017 халықаралық турнирінде жеңімпазы; «Ақ бидай» ауыл спорты ойындары спартакиадасының 3 дүркін жеңімпазы; Көшпенділер ойынының жеңімпазы және күміс жүлдегері. Рахматіллә Есімхан Санатұлы Азия чемпионы. ҚР чемпионатының жүлдегері. Өткелбай Дарын Ақылбайұлы Әлем чемпионы. Ересектер арасында Азия Кубогының жеңімпазы. Жастар және ересектер арасындағы ҚР чемпионатының жеңімпазы. Құралбай Ермек Байзақұлы Құралбай Ермек Байзақұлы Ләтіпбек Алмат Бахтиярұлы Ересектер арасында Азия Кубогының жүлдегері. Жастар және ересектер арасындағы ҚР чемпионатының жеңімпазы. Теңге ілу бойынша Ізжанов Ғалымжан Әділұлы Азия чемпионы. ҚР чемпионатының Тастеміров Досжан Асанұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының негізгі құрамының мүшесі.  Комбаров Рахат Жанболатұлы Комбаров, Жастар арасындағы ҚР чемпионатының күміс, қола жүлдегері;  Жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионаттының күміс жүлдегері; Ересектер арасындағы ҚР чемпионаттының жеңімпазы, А.Асқаров атындағы Халықаралық турнирінің жеңімпазы; «Ұлы дала рухы» республикалық фестивальдің жеңімпазы; «Ақ бидай» ауыл спорты ойындары спартакиадасының қола жүлдегері; Ересектер арасындағы Азия Кубогының екі дүркін жеңімпазы. Асық ату бойынша Қарабаев Алмас Онласынұлы Азия чемпионы. Әлем Кубогының чемпионы. Ересектер арасында  ҚР чемпионатының жүлдегері.  Саятшылық бойынша Аршабай Даурен Әлем чемпионатының жүлдегері. Ересектер арасында ҚР чемпионатының жеңімпазы. Кеуенов Бағдат Тұрсунбекұлы Ересектер арасындағы ҚР чемпионаттының екі дүркін күміс жүлдегері; Әлем чемпионатының қола жүлдегері. Базарбаев Ибрагим Мусалимұлы, Ересектер арасындағы ҚР чемпионаттының жеңімпазы және төрт дүркін қола жүлдегері. Тоғызқұмалақ бойынша Далиева Асель Егизбайқызы 10 дүркін Әлем чемпионы. Ересектер арасында ҚР чемпионатының 15 дүркін жеңімпазы. Алыптар сайысы Мақұлбеков Азамат Нұрғалиұлы  40 келі қошқарды 5 сағат 26 минутта тоқтамай 3555 рет көтеріп Қазақстан Гиннес рекордтар кітабына енген. Түркістандық спортшылар аталмыш жарыста жүлделі орындардан көрінеді деген сенім басым.

100 қаралым