Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын насихаттау мақсатында ұлттық спорт түрлерінен Отырар ауданы ауыл округтерінде жарыстар өткізіліп жатыр. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану жүйелі спортпен шұғылдану мақсатында «Бұқаралық спорт — ұлт саулығының кепілі!» атты ұранымен Түркістан облысына қарасты Отырар ауданындағы Қарақоңыр ауылындағы, ашық ойын алаңшасында спорттық сайыс болып өтті. Шара барысында белтемірге тартылу, ләңгі тебу, арқан тарту және қол күрестіруден аудандық жарыс өткізілді. Балалар аталмыш жарысқа белсене қатысты. Жарысты өткіздегі мақсат — жарыс кезінде өзін — өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу, Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін түсіндіру және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру болып табылады. Жаз мезгілінде балалардың не істерге білмей, не болмаса телефонға үңілгенінен көрі осындай қызықты спорттық жарыстар өткізу тиімді екені анық. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында аудан аумағындағы ашық ойын алаңшаларда алдағы күндері де, өткізіліп, спорттық көпшілік іс-шаралар жалғасын таба береді. Аса тартысты өткен жарыс барысында жеңімпаздар анықталды. Жарыс қорытындысы бойынша садақ атудан I — орын М. Әлмеш, II — орын Н. Сансызбай, III — орын О. Орынбасар иеленді. Ал арқан тартудан I — орын Қарақоңыр ауылдық округі, II — орын Қоғам ауылдық округі, III — орын Шілік ауылдық округі жеңіп алды. Ләңгі тебу бойынша I — орын Д. Әбдіқайым, II — орын Б. Алдаберген, III — орын Қ. Төлеген ие болды. Асық атудан I — орын Б. Алдаберген, II — орын Н. Салман, III — орын А. Альжан. Жарыс жеңімпаздарымен жүлдегерлері арнайы дайындалған диплом және медальдармен марапатталды. Дәл осы бағыттағы спорттық жарыс Отырар ауданындағы Шілік ауылында да жалғасын тапты. Қызықты да тартысты ойынға балалар қызыға қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша садақ атудан I — орын А. Тәліп, II — орын Е. Жантемір, III — орын Қ. Бекжан жеңіп алды. Арқан тартудан I — орын Қарғалы ауылдық округі II — орын Шәуілдір ауылдық округі,
III — орын Темір ауылдық округі ие болды. Ләңгі тебуден I — орын А. Алпысбай, II — орын Д. Әбдіқайым, III — орын А. Тұрсынбай иеленді. Жарыс жеңімпаздарымен жүлдегерлері арнайы дайындалған диплом және медальдармен марапатталды. «Бұқаралық спорт — ұлт саулығының кепілі!» атты ұранымен Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылында да жалғасты. Балалар түрлі спорттық сайыстар бойынша жарысты. Жарыс қорытындысы бойынша дойбыдан I — орын Ш. Құрманбек, II — орын Д. Ақберді, III — орын Д. Сәрсенбай ие болды. Арқан тартудан I — орын Ақтөбе ауылдық округі, II — орын Қарғалы ауылдық округі, III — орын Отырар ауылдық округі иеленді. Ләңгі тебуден I — орын Қ. Дүйсен, II — орын А. Алдаберген, III — орын Б. Әсілхан жеңіп алды. Асық атудан I — орын Қ. Дүйсен, II — орын А. Маданбек, III — орын Ж. Сейділдахан ие болды. Жарыс жеңімпаздарымен жүлдегерлері арнайы дайындалған диплом және медальдармен марапатталды.