Жарияланды: 27.07.2024

Тамаша туындылар шарықтаған кеш…

 

фото САӘБҚ

Түркістан облысына қарасты Сауран аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері игі істерімен ұдайы елді сүйсіндіріп жүреді. Бүгінде Сауран ауданына қарасты барлық ауылдарда мәдени-сазды кештер ұйымдастыруда қолға алған. Аталмыш шара аудан тұрғындарын қуанышқа бөлеп отыр. Сауран ауданына қарасты Оранғай, Теке, Жаңа Иқан ауылының клуб және мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Теке ауылында ашық аспан астында «Ауыл түні» атты кешкі концерт өтті. Ауылға, туған жерге арналған әсем әндер шырқалған кеш керемет өтті. Бұл шара өңір тұрғындарына қуаныш пен жағымды эмоциялар сыйлады.

Шара ауылға, Отанға арналған әсем әнге толы жарқын шараға айналды. Концерт мерекенің атмосферасын тамашалаған көптеген көрермендерді қызықтырып, осындай есте қаларлық кешті өткізген ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Бұл мәдени іс-шаралар жергілікті қауымдастықты нығайтуға, мәдени дәстүрлерді сақтауға және ауданның оң имиджін қалыптастыруға көмектеседі.

Уақыт ағымына бағынбайтын, көпшілік әлі де сүйіп тыңдайтын вальс королі Шәмші Қалдаяқовтың сырға толы сырлы әуендерін ауыл тұрғындары әншілермен бірге қосыла шырқады. Бұдан бөлек, жаңадан шыққан әндер де көрермен көзайымына айналды. Кешке жиналған өнерсүйер қауым өнерпаздарға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Теке ауылы Шәмші Қалдаяқовтың әндері мен жаңа хиттері орындалған «Ауыл түні» кешкі концертін қарсы алды. Шара аясында қазақ музыкасының падишасы Шәмші Қалдаяқовтың әлі күнге дейін тыңдармандардың сүйіспеншілігі мен ықыласына бөленген әйгілі вальстері орындалды.

Концертте Шәмші Қалдаяқовтың нәзік те терең әуенге толы туындысы ұсынылып, ауыл тұрғындары оның әндерін өнерпаздармен бірге қуана шырқады. Бұл классикалық шығармалар өзінің ерекше атмосферасы мен көңіл-күйімен композитордың қазақ музыка мәдениетіне қосқан зор үлесін тағы бір мәрте еске түсірді. Сонымен қатар, концертте музыкалық репертуардағы тың туындылар орындалып, көрермендердің де көңілінен шықты. Шағын экскурсия жоғары деңгейде өтіп, жағымды әсерлер мен жағымды эмоциялар қалдырды.

Кешкі концертке жиналған көрермендер өнерпаздарға тамаша өнер көрсетіп, шараны жоғары деңгейде өткізгендері үшін алғыстарын білдірді. Кеш тек музыка мерекесі ғана емес, аудан тұрғындарының өнерден дәм татып, мәдени байланыстарын нығайтуға тамаша мүмкіндік болды.

 Бұдан кейін Сауран ауданына қарасты Қаражон ауылдық клубы, Серт ауылдық клубы және Қарашық мәдениет үйі, бірігіп 25.07.2024 жылы сағат 19.00 де “Ауыл кеші көңілді” концерттік бағдарламасымен “Туған өлке” атты мерекелі кеш өткізілді. Ауыл көрермендері керемет көңіл күймен, рахметін айтып тарқасты. Алдағы уақытта осы бағыттағы керемет концерттер жалғасын табатын болады.

136 қаралым