Жарияланды: 27.07.2024

Туристік, экономикалық байланыстар бойынша кеңінен талқылау өткізілді

фото Опен Түркістан

Бүгінде Түркістан облысында ішкі және сыртқы туризмді дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Ол үшін арнайы делегациялар шетелдерге шығып, келіссөздер жүргізіп жатыр. Нәтиже жаман емес. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зулфухар Жолдасов бастаған делегация Вьетнамға іссапарға барды. Делегация құрамында түрлі сала мамандары бар. VinGroup компаниясының төрағасы Фам Ньят Выонгпен кездесіп, екі өңір арасындағы туристік, экономикалық байланыстар бойынша кеңінен талқылау өткізілді.

Делегация Түркістанға халықаралық туристер ағынын тарту, Түркістан әуежайының әлеуетін арттырып, Түркістан-Вьетнам әуе рейсінің ашылуына, ішкі және сыртқы туризмді дамыта отырып, өңір экономикасын көтеруді мақсат етіп отыр. Айтып өткендей сапардың негізгі мақсаты – Түркістан облысына  шетелдік туристер ағынын тарту, Түркістан әуежайының өткізу қабілетін арттыру және Түркістан мен Вьетнам арасында тікелей әуе қатынасын ашу болып табылады. Сондай-ақ ішкі және сыртқы туризмді дамыту және өңірдің экономикалық өсімі басты назарда болып тұр.

 

Талқыланып жатқан бастамалар туристік және экономикалық байланыстарды нығайтуға, бизнесті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер туғызуға және инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған. Бұл стратегиялық ынтымақтастық Түркістан облысының халықаралық инвесторлар мен туристер үшін тартымдылығын арттыруға бағытталған, бұл өз кезегінде өңірдің экономикалық дамуын ынталандыруға ықпал етеді. Іссапар барысында облыс әкімдігінің делегациясы SOVICO Group Басқарма Төрағасы — Нгуен Тхань Хунгпен энергетика және логистика салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары, Petrovietnam компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы — Хоанг Куок Выонгпен энергетика және мұнай-газ химиясындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

1990 жылдары негізі қаланған SOVICO Group Вьетнамдағы энергетика, құрылыс, банк және қаржы салаларына, сондай-ақ авиация саласына маманданған ең ірі әртараптандырылған конгломераттардың бірі болып табылады. 2022 жылы компанияның табысы 20,6 млрд. долларды құраған. VinGroup — бүкіл Вьетнамда және басқа аймақтарда әуе тасымалдарын қамтамасыз ететін әйгілі VietJetAir авиакомпаниясының негізін қалаушы. 100 Airbus ұшағынан тұратын заманауи паркімен VietJetAir жыл сайын ішкі және халықаралық бағыттарда тәулігіне 500-ден астам рейспен 180 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсетеді.

VietJetAir және VinGroup компанияларымен ынтымақтастық туристік және экономикалық байланыстарды нығайтуға, жаңа бизнес мүмкіндіктерін құруға және инфрақұрылымды жақсартуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл стратегиялық серіктестік Түркістан облысының халықаралық инвесторлар мен туристер үшін тартымдылығын арттыруға, сол арқылы өңірдің экономикалық дамуына үлес қосуға бағытталған. Интеграция мен экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету аясында Түркістан облысы өз аймағына вьетнамдық компанияларды тартуды жоспарлап отыр. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зулфухар ЖолдасовТүркістанның вьетнамдық компаниялардың бастамаларын толық қолдайтынын және олардың өңірді дамытуға атсалысуын құптайтынын атап өтті. Түркістан түркі әлемінің рухани астанасы ретінде экономикалық байланыстар мен мәдени алмасуларды кеңейту үшін бірегей алаң болып табылады. Аймақтың бай тарихи және мәдени мұрасы бар, бұл оны халықаралық инвесторлар мен туристер үшін тартымды етеді. VinGroup және оның VietJetAir әуе тасымалдаушысы сияқты вьетнамдық компанияларды тарту туристік инфрақұрылымды дамытуға, әуежайдың өткізу қабілетін арттыруға және жаңа бағыттарды ашуға бағытталған.

Вьетнам бизнесімен интеграция Түркістан мен Вьетнам арасындағы байланысты нығайтады, сондай-ақ экономика, туризм және мәдениетті қоса алғанда, әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға негіз болады. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зулфухар Жолдасов Түркістан әуежайының географиялық орны мен оның халықаралық әуе қатынасын дамытудағы әлеуетінің маңыздылығына тоқталды. Ол әуежайдың ыңғайлы орналасуы оны басқа елдерге ұшу үшін тартымды етіп, Орталық Азиядағы бизнес үшін жаңа көкжиектер ашатынын атап өтті.

 

 Зулфухар Жолдасов, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары:  «Әуежайдың географиялық орналасуы басқа елдерге ұшу үшін тартымды және ыңғайлы. Бұл аймақ Орталық Азиядағы бизнесті кеңейтудің жаңа көкжиегін білдіреді. Аймақтық туризмнің дамуы жолаушылар ағынына тікелей әсер етеді. Ішкі және сыртқы туризмнің ұлғаюы, жалпы облыс экономикасының дамуы күтілуде”. Ол туризмді дамыту және инфрақұрылымды жақсарту жолаушылар ағынының артуына ықпал етіп, аймақтың экономикалық өрлеуіне жаңа мүмкіндіктер туғызатынын атап өтті. Шетелдік инвестицияларды тарту және басқа елдермен әуе қатынасын дамыту Түркістан облысының экономикалық дамуын ынталандырудың және халықаралық аренадағы тартымдылығын арттырудың негізгі факторы болмақ.

 

134 қаралым